Ресей авиаотын экспортына уақытша экспорттамайды

123
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yrmpLzTFgzlIz2MD5uolZU6KFBylbBXkBuzkeKoS.jpg

Ресей үкіметі авиациялық отынды ел аумағынан экспорттауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ дерегінше, шектеу 2026 жылдың 30 қарашасына дейін күшінде болады.

Билік өкілдерінің айтуынша, қабылданған шешімнің басты мақсаты – ішкі нарықта авиаотын тапшылығының алдын алу және мұнай өнімдері бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жаңа ережеге сәйкес, экспортқа тыйым биржалық сауда арқылы сатып алынған авиациялық керосинге де қатысты болады.

Сонымен қатар бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Атап айтқанда, әуе кемелерінің бактарындағы және транзиттік тасымалдарға арналған авиаотынға, халықаралық үкіметаралық келісімдер аясында жеткізілетін өнімге, сондай-ақ қаулы күшіне енгенге дейін кедендік рәсімдерден толық өткен партияларға шектеу қолданылмайды.

 

评论