Бішкек Мәскеу емес. Бірақ шетелдіктер ішінде мүліктің көбіне ресейліктер ие

418
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2t1WHOJ3bmqSa3mOuqXU1i6mqelIXzyzJIeSsJKi.jpg

Ресей азаматтары 2025 жыл мен 2026 жылдың бірінші тоқсаны аралығында Қырғызстаннан 1238 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған. Бұл аталған кезеңде шетел азаматтары жасаған барлық мәміленің 51 пайыздан астамын құрайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі fergana-ға сілтеме жасап.

Қырғызстанның Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік агенттігінің ресми деректерін Жоғарғы Кеңес депутаты Дастан Бекешев жариялады. Мәліметке сәйкес, соңғы бір жарым жылда шетел азаматтары республикада жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша 2408 мәміле рәсімдеген.

Сатып алынған нысандар саны бойынша алғашқы бес ел:

Ресей — 1238 мәміле;

Қазақстан — 424 мәміле;

Қытай — 311 мәміле;

Түркия — 145 мәміле;

Германия — 56 мәміле.

Осылайша, Ресей азаматтары жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша көш бастап тұр. Олар Қазақстан азаматтарынан шамамен үш есе көп нысан сатып алған.

Қырғызстандағы жылжымайтын мүлік нарығындағы шетелдіктердің үлесі мәселесін жиі көтеріп жүрген депутат Дастан Бекешев бұған дейін бірнеше рет резидент емес тұлғалардың тұрғын үй сатып алу талаптарын қатаңдатуды, атап айтқанда, шетелдіктер үшін жоғары салық мөлшерлемелерін енгізуді ұсынған болатын.

Қырғызстанның Жер ресурстары жөніндегі мемлекеттік агенттігінің ресми деректеріне сәйкес, елде 3,5 миллионнан астам жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Оның шамамен 20 мыңы ғана шетел азаматтарының атына рәсімделген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетелдіктер Қырғызстанда жылжымайтын мүлік нысандарын сатып ала алады. Алайда жер учаскелерін меншікке иеленуге құқығы жоқ, оларды тек жалға ала алады.

评论
其他材料