Батыс пен Мәскеу қарама-қайшы реакция білдірді. Пашинянды құттықтау жалғасуда

425
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Nw12472NqyQMdFifJ7SeNi4bj74E133yRWFZCTw7.jpg

Әлемдік көшбасшылар Армения премьер-министрі Никол Пашинянды парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап жатыр. Құттықтау жолдағандардың қатарында ЕО елдерінің басшылары, Қазақстан мен Украина президенттері және өзге де мемлекет басшылары бар, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құрметті Никол Пашинян, сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтаймын. Біз демократиялық Армениямен серіктестікті жоғары бағалаймыз, ол Еуропаға барған сайын жақындап келеді. Армения бізге сене алады», – деп жазды Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен.

Франция президенті Эммануэль Макрон да құттықтау жолдап, Пашинянды «сенімді жеңісімен» құттықтады. Ол өз хатында Ереванмен ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен Арменияның егемендігін қолдау және Еуропамен жақындасу үдерісін бірге жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Украина президенті Владимир Зеленский де Пашинян мен оның «Азаматтық келісім» партиясын жеңісімен құттықтады. Оның айтуынша, бұл – Армения егемендігі мен халықтың өз жолын таңдау құқығының жеңісі.

Зеленский сондай-ақ Украина ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтып, Еуроодаққа Арменияны нақты қолдауға шақырды. Ол бұл жағдайды ЕО үшін сынақ деп атап, «уақытты жоғалтпау маңызды» екенін ескертті.

Литва президенті Эдгарс Ринкевичс Пашинянды «айқын жеңіспен» құттықтап, Арменияның қауіп-қатер мен қысымға қарамастан демократиялық жолды таңдағанын атап өтті. Ол Латвияның Армения мен ЕО арасындағы жақын қарым-қатынасты қолдайтынын жеткізді.

Ал Мәскеу Ереванды проресейлік күштерге қысым жасады,  ЕО-ны сайлауға араласты деп айыптады. Ресей СІМ өкілі Мария Захарова Арменияда Ресеймен байланыстарды дамытуға және елдің «еуразиялық интеграциялық құрылымдарда» қалуына сұраныс бар екеніне сенім білдірді. Оның айтуынша, Армения билігі Ресеймен байланысты күшейтуді қолдайтын партияларды ғана қудалап отыр. Ол армян халқын «бауырлас халық» деп атап, бейбітшілік пен өркендеу тіледі. Сонымен қатар Мәскеу Армения үкіметінің нақты әрекеттеріне қарай саясатын айқындайтынын мәлімдеді.

Арменияда 7 маусымда өткен парламенттік сайлауда Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы айқын жеңіске жеткен еді. Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, «Азаматтық келісім» партиясы барлық дауыс саналғаннан кейін жеңіске жетіп, шамамен 727 мың дауыс жинаған. Бұл жалпы дауыс санының 49,81 пайызын құрайды.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы болып Пашинянді құттықтағанын жазған едік.

评论