Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады

199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/V32TgRus1ueubVAAiwzPr65DIjip4iHZqPDSXf3V.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

"Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

评论