Хиджабсыз өнер көрсеткен әншіге дүре соғу жазасы тағайындалды

112
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/keId78Lmrpq5reGTVws1vZTRjEtHxR5ZOzToL3zB.png

Иранда жергілікті әнші мен оның шығармашылық тобының сегіз мүшесі сот шешімімен 74 дүре соғу жазасына кесілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мұндай үкім олардың интернетте жарияланған музыкалық қойылымынан кейін шыққан.

Билік өкілдерінің мәліметінше, 29 жастағы әнші YouTube платформасында жарияланған бейнежазбада хиджаб кимей өнер көрсеткен. Концерт барысында ол патриоттық ән орындап, видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралған. Оқиғадан кейін әнші мен музыканттар құқық қорғау органдарының қолына түсіп, кейін босатылған. Алайда араға уақыт салып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот процесі басталды.

Кум провинциясының соты әртістерді қоғамдық мораль талаптарын бұзды деп танып, 74 дүре соғу жазасынан бөлек, екі жыл бойы елден шығуға және шығармашылық қызметпен айналысуға тыйым салды. Сонымен қатар оларға интернет арқылы әдеп нормаларына қайшы келетін материал таратты деген айып тағылған.

Бұл іс Ирандағы өнер адамдарына қойылатын талаптар мен киім үлгісіне қатысты қатаң ережелердің қоғам назарын тағы бір мәрте аудартты.

评论