ЕО Армения тауарының басым бөлігіне баж салығын алып тастайды

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1vHKIynpXlax1QilM1ksve1SwPYdhEG5pvVAHtvD.jpg

Еуропалық одақ Армениядан келетін тауарлардың 80 пайызына баж салығын алып тастайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ереванда хабарлады.

Оның айтуынша, жеңілдік Ресей шектеу қойған армян тауарларына да қатысты болады. Оның ішінде жаңа піскен жемістер, сусындар және алкоголь өнімдері бар.

Сонымен қатар Еуроодақ Арменияға 52 миллион еуро көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Қазірдің өзінде оның 34 миллион еуросы аударылған. Қалған қаражат жақын уақытта берілетіні хабарланған.

Еуропалық одақ бұл қолдау Арменияның экономикасын дамытуға және елдің реформаларын жалғастыруға көмектесетінін айтты. Сондай-ақ көлік, энергетика және цифрлық байланыс салаларындағы жобаларға қолдау көрсетілмек.

Бұдан бөлек, Армения мен Әзербайжандағы жергілікті қауымдастықтарды дамыту үшін тағы 20 миллион еуро бөлінеді. Бұл қаржы денсаулық сақтау, минадан тазарту, кәсіби білім беру және шағын бизнесті қолдауға жұмсалады.

评论
其他材料