Ресейдегі дағдарыс Қазақстандағы отын нарығына әсер ете ме? Министрлік жауап берді

163
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gDspoOK6HU8kRVAQtpPD8nNVRSf0hQsxXgtXEEKw.jpg

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстан ішіндегі отынның қолжетімділігіне әсер етпейді. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгінде қажетті қор мен отын балансы қалыптастырылған, сондықтан қандай да бір тапшылық күтілмейді. Ресей – көршілес нарық, алайда біздің ішкі өндірістік мүмкіндіктеріміз бен болжамдарымызды ескере отырып, жанар-жағармай тапшылығы болады деп күтпейміз»,–деді ол.

Вице-министр Қазақстан Ресейден бензин сатып алмайтынын еске салып, көрші ел тарапынан отын сатып алу жөнінде ресми өтініш түспегенін атап өтті. Сонымен қатар ол Қырғызстанның ресми түрде өтініш жолдағанын және қазіргі уақытта бұл мәселе қаралып жатқанын растады.

«Министрлікке өтініш түскен жағдайда, біз оны ұлттық мүддені ескере отырып және өзара тиімді шарттар негізінде қарастырамыз»,– деп түсіндірді Тұтқышбаев.

 

评论