Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстан ішіндегі отынның қолжетімділігіне әсер етпейді. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгінде қажетті қор мен отын балансы қалыптастырылған, сондықтан қандай да бір тапшылық күтілмейді. Ресей – көршілес нарық, алайда біздің ішкі өндірістік мүмкіндіктеріміз бен болжамдарымызды ескере отырып, жанар-жағармай тапшылығы болады деп күтпейміз»,–деді ол.
Вице-министр Қазақстан Ресейден бензин сатып алмайтынын еске салып, көрші ел тарапынан отын сатып алу жөнінде ресми өтініш түспегенін атап өтті. Сонымен қатар ол Қырғызстанның ресми түрде өтініш жолдағанын және қазіргі уақытта бұл мәселе қаралып жатқанын растады.
«Министрлікке өтініш түскен жағдайда, біз оны ұлттық мүддені ескере отырып және өзара тиімді шарттар негізінде қарастырамыз»,– деп түсіндірді Тұтқышбаев.
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
"Influential people, extremists, extreme religious people". The President described the incident in January
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
