Күн қанатты арғымақ. Дүниежүзілік тұлпар күніне арналған ескерткіш ашылды

148
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iIuasZ1YxUBPCStzrLXIzExVtdqairnRss269zA0.jpg

Моңғолияда Дүниежүзілік тұлпар күні қарсаңында «Күн қанатты арғымақ» атты монументалды кешеннің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ескерткіш - Моңғолияның еңбек сіңірген суретшісі әрі мүсіншісі А. Очирболдтың туындысы. «Күн тұлпары» Моңғолияны жылқы шаруашылығының әлемдік мұрасы сақталған ел ретінде танытатын бірегей өнер туындысы саналады.

Оның салтанатты ашылу рәсімі 8 шілде күні өткен. Жобаны Моңғолияның ат спорты федерациясы мен жылқы өсірушілер одағы қаржыландырған. Жаңа монумент Дүниежүзілік тұлпар күнінің ресми символына айналып, елге келетін шетелдік қонақтар мен туристер тамашалайтын маңызды мәдени нысандардың бірі болмақ.

Айта кетейік, 2025 жылдың 3 маусымында БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің бастамасымен 11 шілде – Дүниежүзілік тұлпар күні болып жарияланған еді.

 

评论