Қазақстанның мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызы өмірден озды

127
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/U9G5muaGeAmUzjrtL5gFVjcouPYOYjBfMcqlUHPM.webp

Қазақстанның мәдениет қайраткері, халық ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Төрткен Кененқызының дүниеден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі туған-туыстары мен жақындарына, барша шәкірттері мен зиялы қауым өкілдеріне, туған халқына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

“Төрткен Кененқызы саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық өнер мен мәдениетті дамытуға арнаған тұлға еді. Ол ұзақ жылдар бойы білім беру саласында табанды еңбек етіп, талай шәкірттің бойына ана тілі мен әдебиетке, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік дарытты. Халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың перзенті ретінде әке аманатына ерекше адалдық танытты. Кененнің ән-жырларын жинап, зерттеп, кейінгі буынға жеткізуге өлшеусіз үлес қосты”,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда Төрткен Кененқызының өнегелі өмірі, ұстаздық ұлағаты, өнерге деген адалдығы мен ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі кейінгі буын үшін әрдайым үлгі-өнеге болатыны айтылған.

“Асылдың сынығы болған ардақты ананың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!” -делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін белгілі журналист, ақын Жұмабек Табынбаевтың дүниеден өткенін хабарладық. 

 

 

 

评论