Өмір мектебі. «Дипломын жыртқан» түлек қамауға алынды

287
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sNjDCidneACZK29AeHUiGXIDhDR58H7xI6nrOqHf.webp

Алматыда дипломын көпшілік көзінше «жыртып тастаған» жас түлек бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, бейне әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықталып, тексеру жүргізілген.

«Тексеру барысында Алматыдағы жекеменшік колледждердің бірінің түлегі диплом табыстау рәсімінен кейін дипломның мұқабасына ұқсас затты көпшілік алдында жыртып жатқан видеоны әлеуметтік желіге жариялағаны анықталды. Алайда жүргізілген тексеру нәтижесінде түпнұсқа диплом мен оның қосымшасына, сондай-ақ білім беру ұйымы берген диплом мұқабасына ешқандай зақым келмегені белгілі болды. Бейнежазбада алдын ала дайындалған диплом мұқабасының имитациясы пайдаланылған»,– делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша жас жігіт Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

评论