Kaspi.kz Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылды

123
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/g4jreZA8voJOzJqWrEmclV2VcLpHFT9D3JUKtb3p.jpg

17 шілдеден бастап Kaspi.kz серіктестері Қазақстан бойынша 700 мыңнан астам сауда нүктесінде кез келген қазақстандық банктің клиенттерінен Kaspi QR арқылы төлем қабылдай алады. Ол үшін басқа банктің мобильді қосымшасы арқылы Kaspi POS-тағы Kaspi QR кодын сканерлеу жеткілікті.

Kaspi.kz клиенттері басқа қазақстандық банктердің QR-кодтары арқылы да сатып алуларының ақысын төлей алады.

Сондай-ақ Kaspi.kz клиенттері телефон нөмірі арқылы басқа банктерден ақша аударымдарын қабылдап, басқа банктерге аударым жасай алады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Біз сүйікті серіктестерімізге кез келген банктің клиенттерінен төлем қабылдау ыңғайлы болғанын, ал клиенттерімізге барлық жерде оңай төлем жасау мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Осы жүйені сенімді, қауіпсіз әрі барлық қатысушы үшін ыңғайлы ету мақсатында біз Ұлттық Банкпен және банк қауымдастығымен бірнеше жыл бойы бірге жұмыс істедік. Ынтымақтастық үшін Қазақстан Ұлттық Банкі мен банк қауымдастығына, ал сенімдері үшін сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге алғыс білдіреміз!»

Қызметтің жұмысы туралы толық ақпаратты Серіктестерге арналған Kaspi Гидтен және Клиенттерге арналған Kaspi Гидтен оқи аласыз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтех қызметтерін, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті өмірге қажетті басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі – Hepsiburada-ға иелік етеді.



评论