Бишімбаевтың туысы рақымшылыққа ілікті, бостандыққа шығады

126
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6QkuUonhpz42VwrH4Y14WxYuhZvnaYKhunUyDXgc.jpg

Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілініп, жақын күндері бостандыққа шығады. Бұл ақпаратты оның қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев растады, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде өткен сот отырысында Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы акт қолданылып, оны дереу босату туралы қаулы шығарылған.

"Жазаның өтелмеген бөлігі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады", – деді Ғазиз Ынтықбаев.

Еске салсақ, Бақытжан Байжанов бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру айыбымен сотталған болатын. 2024 жылғы мамырда сот оны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған еді.

Ал 2025 жылғы тамызда Конституцияның 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заң негізінде оның жазасының өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылды. Соның нәтижесінде түпкілікті жаза мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленген еді.

评论