АҚШ Қазақстаннан импортталатын жекелеген тауарларға баж салығын енгізді

119
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yKIvnxbr6Dbc9KjwGPgXDGcfrlAI9jSbSJGTtihI.webp

АҚШ 2026 жылғы 24 шілдеден бастап Қазақстаннан импортталатын жекелеген тауарларға 12,5% көлемінде қосымша кедендік баж салығын енгізеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна".

Министрліктің мәліметінше, АҚШ бұл шешімді 23 шілдеде 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу нәтижесінде қабылдаған.

Сонымен қатар ведомствоның есептеуінше, қазақстандық экспорттың басым бөлігі жаңа шектеудің ықпалына ұшырамайды.

«Министрліктің есептеуінше, АҚШ-қа экспортталатын қазақстандық өнімдердің шамамен 95 пайызы бұрынғыдай қосымша баж салығының қолданылу аясынан тыс қалады», – делінген хабарламада.

Сауда және интеграция министрлігі қосымша баж салығы АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен ерекшеліктер тізіміне енгізілген тауарларға қолданылмайтынын атап өтті.

Сондай-ақ бұған дейін енгізілген 10 пайыздық уақытша импорттық үстеме баждың 150 күндік мерзімі аяқталғандықтан күшін жойғаны және оның жаңа 12,5 пайыздық баж салығымен бірге есептелмейтіні хабарланды.

Ведомство қазақстандық экспорттаушылардың мүддесін қорғау және екі ел арасындағы сауда қатынастарын сақтап қалу мақсатында АҚШ тарапымен өзара қолайлы шешімдер іздеу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

相关新闻

评论
相关新闻