Қазақстан мен Өзбекстан 80 млрд теңгеден астам келісім жасасты

74
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wXfI3pUGI97SqftpVE98iDvnThgyziNy9jQopv3p.webp

фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан өңір басшылары кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Кездесудің басты нәтижесі – екі елдің облыстары арасында меморандумдар мен жалпы құны 80 млрд теңгеден асатын коммерциялық құжаттардың жасалуы.

Жиынға Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты. Сонымен қатар екі елдің өңір басшылары және 300-ден астам кәсіпкер бас қосты. Жаңа кеңес Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің бірлескен шешімімен құрылған.

Олжас Бектенов өңірлер арасындағы тікелей байланысты күшейту екі елдің саудасы мен инвестициялық ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты. Қазақстан мен Өзбекстан алдағы уақытта өзара сауда көлемін 10 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр.

Кездесуде өнеркәсіптік кооперация, шекара маңындағы сауда, көлік және логистика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын толық іске қосып, оны бірлескен өндірістік жобалармен толтыру қажет екенін атап өтті.

Ақтау мен Құрық порттарының рөлі де сөз болды. 2025 жылы осы екі порт арқылы 8 млн тонна жүкауыстырып тиелген. Ал 2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан порттары арқылы контейнер тасымалы 5%-ға өсіп, 50 мың контейнерлік баламаданасқан.

Жасалған келісімдер екі елдің шекаралас өңірлеріндегі сауданы жандандырып, жаңа бірлескен кәсіпорындар мен логистикалық жобаларды іске қосуға бағытталған. Алайда Үкіметтің ресми хабарламасында 80 млрд теңгелік келісімдерге кірген нақты жобалардың толық тізімі әзірге жарияланбады.

评论
其他材料