Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

258
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vRQTT2pHYQipYnZptwkriZdmU7jIoyyPb4HpAXJK.png

Фото: sabaqtar.kz

"Қазгидромет" мамандары 26 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна».

Синоптиктердің мәліметінше, күндіз Ақтөбе қаласында, ал түнгі уақытта Астана мен Қостанайда атмосфералық ауаның ластануына қолайлы жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз соғуы немесе мүлде болмауы, тұман мен температуралық инверсия сияқты табиғи құбылыстардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға, әсіресе автокөлік қозғалысы қарқынды көшелер мен өнеркәсіптік аймақтардың маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Сондай-ақ тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар азаматтарға қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру және мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

评论