Діни алауыздық. Пайғамбарға қатысты пікірі үшін ер адам сотталды

136
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Петропавл қаласында діни алауыздықты қоздыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Newtimes-қа сілтеп.

Сот материалдарына сәйкес, 50 жастағы Арман Ахметов әлеуметтік желіде діни араздықты қоздыруға бағытталған жазбаларды бірнеше рет жариялаған. Айыптау тарапының мәліметінше, ол ислам дінінің қазақ халқына қатысы жоқ екенін айтып, Мұхаммед пайғамбарға қатысты қорлайтын пікірлер жариялаған.

Сотталушының мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғаушы тарап қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сот отырысы барысында прокуратура сотталушымен процестік келісім жасау туралы ұсыныстан да бас тартты.

Сот шешімімен Арман Ахметов Қылмыстық кодекстің діни алауыздықты қоздыруға қатысты бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

评论