Өзбекстанның тұңғыш спутнигін Қытай сәтті ұшырып берді

110
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Mf3lNor0tphWnzkut9Eu6qTvajgWW5P6OGQnJDHd.webp

5 тамызда STAR.VISION компаниясы Қытайдың Шаньдун провинциясы жағалауындағы теңіз платформасынан Samarkand-2028 және Lampung-1 гиперспектралды спутниктерін сәтті ұшырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Daryo агенттігіне сілтеме жасап.

"Samarkand-2028" спутнигі  – Өзбекстан тарихындағы ең ірі халықаралық ғарыш жобаларының бірі. Жоба елдің ұлттық ғарыш бағдарламасын дамытудың жаңа кезеңін бастап қана қоймай, Өзбекстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етпек.

Жоба аясында Өзбекстан ғарыш агенттігінің мамандары спутниктің борттық жүйесіне арналған арнайы жасанды интеллект модулін әзірлеген. Бұл технология гиперспектралды деректерді тікелей орбитада өңдеп, ақпаратты беру мен кейінгі талдаудың тиімділігін арттырады.

"Samarkand-2028" миссиясы ғарыштық технологияларды ауыл шаруашылығында, экологияда, табиғи ресурстарды бақылауда, су ресурстарын басқаруда, төтенше жағдайлардың алдын алуда, қала құрылысы мен басқа да стратегиялық маңызды салаларда қолдану мүмкіндігін кеңейтеді.

«Samarkand-2028» атауының символдық мәні бар. Ол 2025 жылы Сиднейде өткен Халықаралық астронавтика конгресінде (IAC) қабылданған шешіммен байланысты. Соған сәйкес, 2028 жылы 79-шы Халықаралық астронавтика конгресі Самарқанд қаласында өтеді.

评论