Германияда Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды

199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/V0BJ6Sv3vPljd3zoUXSeYObF64e4zq5TeixQpGck.jpg

Германияда Хайденау қаласының маңындағы Эльба өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған бомба табылды. Бұл туралы Spiegel басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жарылғыш заттарды залалсыздандыру қызметінің мәліметінше, салмағы 250 келі болатын авиациялық бомба залалсыздандырылмақ. Осыған байланысты табылған жердің айналасындағы 1000 метр радиустағы аумақты эвакуациялау жоспарланып отыр.

Полицияның хабарлауынша, оқ-дәрінің табылу жағдайы оны жоспарлы түрде залалсыздандыруға мүмкіндік бергендіктен, шұғыл эвакуация жүргізу қажеттілігі туындамаған.

Айта кетейік, жуырда Германияның Гессен жерінің оңтүстігіндегі Требур қаласында жаяу жүргінші Рейн өзенінің жағасынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған фосфорлы гранатты тауып алған еді.

评论