Астана әкімі Құрылтай сайлауының маңызын атап өтті

279
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7LjUHQAsBIUiE6WPoP0N1HbUUKVTLoo7rUSIW2YU.jpg

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қала әкімі бұл науқанның елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органға айналады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Осылайша, Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ»,– деді ол.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, сайлау әр азаматқа өз ұстанымын білдіріп, елдің даму бағытын айқындауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Қала әкімінің мәліметінше, Астанада дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалған. Қазіргі уақытта сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

评论
其他材料