Ресей соққысынан кейін. ROSHEN-нің қоймасы қирады

165
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wawaJdSF7JjE9PpoMIsLc6eyo30kKFnDHudFjbia.png

27 тамыз күні таңертең Ресейдің Украинаға жасаған жаппай соққысы салдарынан Киев облысының Чубинское елді мекеніндегі ROSHEN компаниясының ірі логистикалық қоймасы толық қирады, деп хабарлайды "Адырна". 

Caliber дерегінше, әуе дабылы кезінде қызметкерлердің уақытылы қауіпсіз жерге жасырынуының арқасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің бөлімшелері жұмысын жалғастырып жатыр.

Компания мәліметінше, бұл ROSHEN-нің логистикалық нысандарына жасалған екінші шабуыл. Ақпанда Яготин қаласындағы дайын өнім қоймасы жойылған. Кезекті соққы салдарынан дайын өнімнің едәуір бөлігі жойылған.

Сондай-ақ осы шабуыл кезінде «Сильпо», Comfy, «Фора», «Аврора», «Дом Игрушек» сауда желілерінің және «Бергер Карго Украина» компаниясының қоймалары зақымданған. Харьков қаласында жұмыс істеп тұрған соңғы «Эпицентр» гипермаркетіне де соққы жасалған.

评论