Қазақстанға кіру ақылы болуы мүмкін

233
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KFGDiDoH7aOdQ5jv0eLf1erMne8qEAHfsvsPsgax.jpg

Қазақстанға шетел азаматтарының кіруі ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Курсивке сілтеп.

Сербия сыртқы істер министрлігі азаматтарына электронды өтінім үшін шамамен 3,9 мың теңге, ал шекарада рәсімдеген жағдайда 7,6 мың теңге төлеу қажет болуы мүмкін екенін ескертті.

25 тамыздан бастап шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін QazETA электронды рұқсаты енгізіле бастады.

Жүйе 1 қарашаға дейін тест режимінде жұмыс істейді. Осыдан кейін рұқсат әуе көлігімен кіретіндер үшін міндетті болады. 15 қарашадан бастап талап автокөлікпен кіретіндерге, ал 30 желтоқсаннан бастап теміржол және порт арқылы келетіндерге де қатысты болады.

Қазақстан ІІМ әзірге рұқсаттың нақты құны мен қай елдердің азаматтарына міндетті болатынын жариялаған жоқ.

评论