Юртбашысыз өткен 10 жыл. Шавкат Мирзиёев Ислам Кәрімовті ұлықтады

231
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BR7Ysfruou7UTJk1xU5kMvNkpdUR7G6l61fHfORy.webp

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2 қыркүйек – Бірінші Президентті еске алу күніне орай Ислам Кәрімов атындағы ғылыми-ағартушылық мемориалдық кешенге барды.

Мемлекет басшысы «Оқсаройда» орналасқан Ислам Кәрімов ескерткішіне гүл шоғын қойып, оның рухына тағзым етті. Рәсім барысында Құран аяттары оқылып, марқұм мемлекет қайраткерінің ел тәуелсіздігін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтудағы еңбегі атап өтілді.

Ислам Кәрімов 2016 жылғы 2 қыркүйекте 78 жасында қайтыс болған еді. Биыл оның дүниеден өткеніне 10 жыл толып отыр.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шавкат Мирзиёев Ислам Кәрімовтің Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы тарихи рөлін жоғары бағалады.

«Тәуелсіздік бізге даңқымыз бен абыройымызды, қасиетті дінімізді, ана тілімізді және ұлттық құндылықтарымызды қайтарды. Тәуелсіздіктің арқасында біз өзіміздің шынайы болмысымызды таныдық», – делінген хабарламада.

Еске алу шарасына Олий Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің мүшелері, министрлік және ведомство басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.

Мемориалдық шаралар Самарқанд пен Қаршы қалаларында да өтті. Самарқандта Ислам Кәрімов жерленген Хазіреті Хызыр кешені маңында Құран оқылып, еске алу рәсімі ұйымдастырылды. Ал Қаршыда тұрғындар Бірінші Президенттің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шаралар Ислам Кәрімовтің тарихи мұрасын құрметтеу және елдегі мемлекеттік дәстүрлер сабақтастығын сақтау мақсатында өткізілді.

评论
其他材料