Ұлдана Мырзуан ісі. Марқұмның өліміне қатысты сот жалғасып жатыр

198
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tZU7YXy8m1ddXm3x346Mzdl51I7zHiJoUsHQ4J29.webp

Астанада қызмет барысында қаза тапқан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сотта мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов сот-медициналық сараптаманың қорытындысын жариялады.

Сараптамаға сәйкес, Ұлдана Мырзуан ашық бас-ми жарақатынан қайтыс болған. Жарақат бас сүйегінің бірнеше жерден сынуы, миға қан құйылу және мидың соғылуымен қатар жүрген.

Мамандар марқұмның сол жақ төбе тұсында соғылған жарақаттар, екі көзінің айналасында гематомалар және көз ұяларының қабырғалары сынғанын анықтаған. Сонымен қатар бет сүйектері мен бас сүйегінің маңдай, төбе және самай бөліктерінде сынықтар болған.

Сараптама барысында субдуралды, эпидуралды және субарахноидальды гематомалар анықталған. Ми ісініп, соның салдарынан ми бағаны құрылымдары үлкен шүйде тесігіне қарай ығысқан.

Сарапшылар бұл жарақаттарды денсаулыққа ауыр зиян келтіретін жарақаттар деп бағалаған. Сондай-ақ бас-ми жарақаты мен фельдшердің өлімі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс бар екені көрсетілген.

Қылмыстық іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.

评论