Тойда жасалған соққы. БАҚ тұжырымдамасы қандай?

80
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PpfTL7sne85apmaCAKpT8lxgPd8zhcfurllSCtQW.jpg

Иранның оңтүстігіндегі Кухестак қаласында үйлену тойы өтіп жатқан үйге жасалған соққыға америкалық оқ-дәрі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Reuters хабарлады. 

Агенттік растаған фото және бейнематериалдарды қару-жарақ сарапшылары зерттеген. Үш сарапшы ғимаратқа түскен оқ-дәрінің америкалық болуы ықтимал екенін айтқан. Олардың пікірінше, нысанға соққы тікелей тиген болуы мүмкін.

Reuters мәліметінше, жарылыстан кемінде төрт адам қаза тауып, 68 адам жараланған. Кейін Иранның мемлекеттік телеарнасы ауруханада тағы бір әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған. Осылайша қаза тапқандар саны бесеуге жеткен. 

Оқиға 1 қыркүйекте болған. АҚШ әскерилері сол аумақта байланыс инфрақұрылымына және басқа да әскери нысандарға соққы жасаған. Үйлену тойы өтіп жатқан үй жоспарланған нысаннан шамамен 135 метр қашықта орналасқан. 

АҚШ тарапы бұл оқиғаға қатысты жауапкершілікті әзірге мойындаған жоқ. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс әскерилердің оқиғаны тексеріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ әскері бейбіт тұрғындарды әдейі нысанаға алмайды. 

Ал АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, соққы байланыс мұнарасына бағытталған. Бұл нысан азаматтық және әскери байланыс үшін пайдаланылған болуы мүмкін. Қазір CENTCOM дрондардан түсірілген бейнематериалдар мен операция барысын тексеріп жатыр.

相关新闻

评论
相关新闻