Тоқаев Қазақстан құрамасын Көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады

248
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/msoMmd8Cnz0vcYayp3OsLbshTp2VSTYQJcYFLUue.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жоғары нәтиже көрсетуімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Президент спортшылардың дүбірлі додадағы жетістігі табандылық, тынымсыз еңбек және мықты ерік-жігердің нәтижесі екенін атап өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев жарыста чемпион атанған және жүлделі орындарға ие болған спортшыларға, бапкерлер құрамына, сондай-ақ ұлттық құраманың дайындығына үлес қосқан барлық мамандарға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы мұндай жетістіктері еліміздің ұлттық спорт түрлері дамыған мемлекет ретіндегі беделін арттыра түседі", делінген жазбада. 

Президент спортшыларға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Қазақстанның көк байрағын халықаралық додаларда жоғары көтере беруіне тілектестік білдірді.

评论