Президенттің қызы жаңа қызметке тағайындалды

191
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HxCwDRLYDuaJ9H7GCPSqBk6VhSMZolNZVAHwgfc0.webp

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен Саида Мирзиёева Ташкент халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ол бұл қызметті Өзбекстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лауазымымен қоса атқарады.

Жаңа қызметінде Саида Мирзиёева қаржы орталығының іске қосылуын үйлестіреді. Сонымен қатар орталықтың мүддесін халықаралық ұйымдар, инвесторлар және серіктестер алдында таныстырып, Қаржы орталығы кеңесінің бас хатшысы міндетін атқарады.

Оның өкілеттігіне кадрлық шешімдер қабылдауға қатысу, келісімдер жасау, жұмыс топтарын құру және сарапшыларды тарту да кіреді.

评论