Ақпараттық технологиядан – Қорғаныс министрлігіне. Жаңа орынбасар тағайындалды

232
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GCIyX5GkW6kahEudhfYvM4SLoVbtOy4FPekPsvjB.jpg

Дәулет Бекманов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы 24 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды»,– делінген хабарламада.

Дәулет Бекманов 1983 жылы Өзбекстан Республикасының Достық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы «Мирас» университетін, 2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке компанияда инженер-жүйе технигі болып бастаған. 2006–2011 жылдары мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда түрлі қызмет атқарды. 2011 жылдан мемлекеттік қызметке келіп, Байланыс және ақпарат министрлігінде, Көлік және коммуникация министрлігінде, Байланыс және ақпарат агенттігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен ақпараттандыру бағытындағы басшылық қызметтерде еңбек еткен. 

2016–2018 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары, кейін Ақпараттандыру департаментінің директоры болған. 2018 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 

2020 жылғы ақпанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетін басқарған. Бұл қызметте 2023 жылғы мамырға дейін отырған. 

Кейін ол қайтадан «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға келіп, басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2025 жылы компания директорлар кеңесінің мүшесі болғаны да ресми құжаттарда көрсетілген. 

评论