БҚО-да 129 әлеуметтік нысан салынып, медицинаға жасанды интеллект енгізілуде

242
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0pyQsRuqeFKqpNCy7A40ZGMFbHF7tem4Q7C6kNZe.jpg

Батыс Қазақстан облысында халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023 жылдан бері өңірде жалпы құны 149,8 млрд теңгені құрайтын 129 жаңа әлеуметтік нысан салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 52 денсаулық сақтау, 38 білім беру, 24 спорт және 15 мәдениет нысаны бар.

Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 50 медициналық нысан пайдалануға беріліп, жоспарланған міндет толық орындалды. Сонымен қатар Казталов және Бөрлі аудандарында ауданаралық ауруханалардың құрылысы жалғасуда. Жаңа нысандар ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Саланың кадрлық әлеуеті де нығайып келеді. Соңғы үш жылда облысқа 450 дәрігер тартылып, оның 239-ы ауылдық жерлерге жіберілді. Биыл өңірге келген 127 дәрігердің 64-і ауылдарда еңбек етуде. Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға 13,3 млрд теңге бөлініп, 1259 заманауи құрал-жабдық сатып алынды.

Өңір медицинасына жаңа технологиялар да енгізілуде. Оралда телемедицина орталығы іске қосылып, қашықтан консультация беру мүмкіндіктері кеңейтілді. Сонымен қатар инсультті жедел диагностикалауға көмектесетін CEREBRA.AI жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Ол компьютерлік томография нәтижелерін жедел талдауға көмектесіп, дәрігерлерге емдеу тактикасын уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, өңірде жаңа медициналық нысандар салумен қатар, кадрлық әлеуетті күшейту, заманауи жабдықтармен қамту және цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қатар жүргізілуде.

评论
其他材料