Ұсталған әскеридің қызы желіде үндеу жасады

120
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ekZlGJMUVkxwNKtGoT9TJ1JLUpdjctDr1YnR9Q7Y.jpg

Каспий теңізінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты ұсталған Қазақстан әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушевтің қызы желіде үндеу жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Ол қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, тергеу аяқталмай тұрып түпкілікті қорытынды жасамауға шақырды.

Хайрушевтің қызы бұл үндеуді ең алдымен ұсталған әскери қызметшінің қызы ретінде жазғанын атап өтті. Оның айтуынша, марқұмдардың отбасылары қандай ауыр жағдайды бастан өткеріп жатқанын түсінеді және әрбір қаза болған әскери қызметшінің жақындарына көңіл айтады.

Ол тергеу барысында әскери оқу-жаттығуды ұйымдастыру кезінде қандай шешімдер қабылданғанын, кім қандай бұйрық бергенін және әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне нақты кім жауапты болғанын анықтау маңызды екенін айтты.

«Егер біреу қылмыстық немқұрайлылық танытып, заңсыз шешім қабылдаса немесе қайғылы жағдайға әкелген бұйрық берсе, ол адам заңға сәйкес жауап беруі тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар Хайрушевтің қызы әкесінің басқа адамдар қабылдаған шешімдер үшін жауапқа тартылуына алаңдайтынын жеткізді. Ол істі жан-жақты әрі объективті қарауға шақырды.

评论