Мадуроларға жаңа айып тағылуы мүмкін

266
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dm5enf2byI5lh88xbgmjaY3SF4qK6ypo9iJzIDuY.jpg

Нью-Йорк прокуратурасы АҚШ қамауына алынған Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты жаңа айыптар тағуға дайындалып жатыр. Бұл туралы CNN телеарнасы мәлімет таратты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Дереккөздердің мәліметінше, ресми ақпарат 8 қазанда жариялануы ықтимал.

Мадуро билігі кезінде Венесуэлада оннан астам америкалық азамат заңсыз қамауда ұсталған.  Олар өздеріне жасалған азаптаулар туралы айтқан. Атап айтқанда, 2022 жылдың қазанында тұтқындар алмасуы нәтижесінде босатылған Мэттью Хит пен Осман Хан өз талап-арыздарында су мен электр тогы арқылы азапталғандарын, жыныстық зорлық-зомбылықпен қорқытылғандарын, психоактивті заттар берілгенін және жалғыз камерада ұсталғандарын мәлімдеген. Сонымен қатар АҚШ теңіз жаяу әскері ардагері Мэттью Хит қамауда болған кезде өзіне қол жұмсауға әрекеттенген.

2026 жылдың басында АҚШ әскери операция жүргізіп, Николас Мадуро мен оның жұбайын Венесуэладан алып кеткен болатын. Операцияға Мадуроның АҚШ-та іздеуде жүргені және оған есірткінің заңсыз айналымына қатысты айып тағылғаны негіз болған.

Мадуро мен Флорестің соты 2027 жылғы 1 маусымда өтеді. Егер алқабилер оларды АҚШ-қа кокаин жеткізу мақсатындағы қастандыққа қатысы бар деп таныса, екеуіне де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

评论