ШҚО-да бірден 12 әкім жауапқа тартылды

193
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GRqC5wlfgP6nD9CfLmkwecjx6RRYUMPL61ObApkC.jpg

Шығыс Қазақстан облысында прокурорлар рұқсат етілмеген 15 қоқыс алаңын анықтады. Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін ауылдық округтердің 12 әкімі әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тексеру «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізілген. ШҚО Глубокое ауданының прокуратура қызметкерлері спутниктік суреттерді талдап, аудан аумағын көзбен шолып тексерген.

«Аббаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметкерлерімен 177 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар прокурорлық қадағалау шаралары бойынша бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді»,– делінген хабарламада.

 

 

评论