Сәрсенбінің сәтінде. Президент Жолдау туралы жариялады

443
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TOOBvSLJ9ORdpBPCPca5ZOXGhUuzQeh3uh5g0UZW.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын.  Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын»,– деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланғаннан бері Қазақстан халқына сегіз рет жыл сайынғы және кезектен тыс Жолдауын жариялады. Мұндай үндеулер орта есеппен бір сағатқа жуық уақытқа созылады.

Президент соңғы рет 2025 жылдың 8 қыркүйегінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»  атты Жолдау жариялаған еді.

评论
其他材料