«Ақша маңызды емес» дейтін адамдарда ақша жоқ!

292
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cD76BOpQi5yOJsTUnfnKHvaMyIgQPqN1dV02CZYe.jpg

«Адырна» порталының YouTube арнасына кәсіпкер әрі бизнес-тренер Серік Абай қонақ болып, кәсіпкерлік, ұлттық мүдде және көші-қон мәселелері жөнінде сұхбат берді.

Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған кәсіпкер көші-қон саласына араласу себептерін түсіндіріп, қазақтың көшін тоқтатуға ешкімнің хақысы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұлтқа қызмет еткісі келген адам алдымен өз жағдайын жақсартып, өзгелерге көмектесуге қауқарлы болуы керек.

Сұхбат барысында ол бизнес жүргізудің басты мақсаты адамдардың мәселесін шешу екенін айтып, кәсіпкерді «үміт сатушы» деп сипаттады. Сонымен қатар табысқа жету үшін адамның өзі жақсы көретін іспен айналысуы маңызды екенін жеткізді. Серік Абай білім мен өзін-өзі дамытуға да ерекше мән беретінін айтып, соңғы он жылда оқуға 100 миллион теңге инвестиция салғанын мәлімдеді. 

Сұхбаттың толық нұсқасын Adyrna ulttyq portaly YouTube арнасынан көре аласыз. 

评论
其他材料