АҚШ Иранның қорғаныс нысанын жойды — Трамп

108
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскери күштер өткен түні Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) нысанына соққы жасағанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, операция шектеулі сипатта болған және әскери қақтығыстың ауқымды түрде өршуін білдірмейді.

Трамптың сөзінше, Иран аталған нысанды салуға шамамен екі ай жұмсаған. АҚШ бұл уақыт ішінде құрылыс барысын бақылап отырған. Нысанның құрылысы аяқталған бойда америкалық әскерилер оған соққы беріп, жойған. Бұл туралы АҚШ президенті Fox News арнасына берген түсініктемесінде айтты.

Трамп бұған дейінгі америкалық соққылардан кейін Иранның қолданыстағы әскери ұшақтары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қалмағанын айтты.

Алайда бұл мәлімдемелерге қатысты АҚШ пен Иран тарапынан келтірілген ақпаратты тәуелсіз дереккөздер толық растаған жоқ

相关新闻

评论
相关新闻