Жаңа министр Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

329
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NtMXdL2nKGT6P5PBkldY1nWT7GH20chDX17xfFMt.webp

Бүгін, 4 қараша күні Астанада Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлері Айдос Мырзахметов пен Андрей Белоусов 2027 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

Жоспарда әскери кадрларды даярлау, жауынгерлік дайындық және әскери-техникалық ынтымақтастық бағыттарындағы өзара іс-қимыл мәселелері қамтылған.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, жауынгерлік және кәсіби даярлық бойынша тәжірибе алмасуға ниетті екенін білдірді.

Сондай-ақ оқытушылар арасындағы өзара байланысты нығайту, бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар өткізу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Еске салайық, бүгін Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын.

Ал Айдос Мырзахметов Каспийдегі 14 теңізшінің қазасынан кейін 27 қыркүйекте Қорғаныс министр болып тағайындалған. Ол министр ретінде мұндай құжатқа алғаш рет қол қойып отыр.  

评论