Жуан әулеттің жалғасы. Әйгілі Джей Рокфеллер қайтыс болды

232
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XilghaNdEvEH0GBiG88Eadsm32ZGFwE6FLpBelff.jpg

АҚШ-та белгілі Рокфеллер әулетінің өкілі, бұрынғы сенатор IV Джон Рокфеллер (Джей) Дэвисон  89 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

The Washington Post басылымы оның 6 қарашада Вашингтондағы үйінде қайтыс болғанын хабарлады. 

Саясаткер әр жылдары АҚШ Сенатындағы сауда, ғылым және көлік комитетін, Ардагерлер ісі жөніндегі комитетті және Барлау комитетін басқарған.

2008 жылы ол Ирактағы соғысқа дейінгі оқиғаларды зерттеген Сенаттың екі партия өкілдері қатысқан тергеуіне жетекшілік етті. Джон Рокфеллер IV 1984 жылы АҚШ Сенатына сайланған. Ал 2013 жылы 2014 жылғы сайлау қарсаңында қайта сайлауға түспейтінін айтқан.

Саясаткер – Standard Oil мұнай компаниясын құрған Джон Рокфеллердің шөбересі. Оның арғы атасы әлемдегі алғашқы долларлық миллиардерлердің бірі болған.

Forbes журналының 2016 жылғы рейтингі бойынша, Рокфеллерлер отбасы АҚШ-тың ең бай әулеттері арасында 23-орынға орналасқан. Сол кезде отбасының жиынтық байлығы 11 миллиард долларға бағаланған. Ал рейтингте бірінші орын алған Walmart сауда желісінің иесі Уолтондар отбасының байлығы шамамен 130 миллиард доллар болған.

相关新闻

评论
相关新闻