ҚазҰУ жатаханасында бірінші курс студенті көз жұмды

222
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/779GDSoiTIrKCvtdvD9W39qm2xwYFtFgm9YiFuDu.webp

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна”.

БАҚ дерегінше, қайғылы оқиға 6 қараша күні кешкі уақытта болған. Шымкенттен Алматыға білім алуға келген қыздың өліміне қатысты мән-жай әзірге белгісіз.

Оқиғадан кейін студенттік қалашыққа полиция қызметкерлері мен университет өкілдері барған. Бейресми дереккөздің айтуынша, сол түні жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен және балконға шығуға тыйым салынған.

Студенттер арасында қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы болжам тараған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Сондай-ақ дереккөз студенттерден оқиға туралы хабарламаларды ортақ чаттардан өшіру сұралғанын мәлімдеген.

Ресми ақпарат тарамады.

评论