Дияр Нұрғожай UFC-де қарсыласын нокаутқа түсіріп, 100 мың доллар сыйақы алды

298
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2z2ItPTwFmI9VOrndSGYU4MBisyDs2PJskx1tAlr.webp

Фото: smi24.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай 21 қараша күні Қатарда өткен UFC турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды “Aдырна”.

29 жастағы отандасымыз америкалық Алик Лоренцпен кездесіп, қарсыласын 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ол бірінші раундта ұпай саны бойынша басым түсті. Ал екінші раундта қарсыласының басына аяқпен соққы жасап (хай-кик), оны нокдаунға жіберді. Артынша жерде жатқан қарсыласын жоғарыдан жұдырықпен соққылап (хаммерфист), жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл – Нұрғожайдың UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісі.

Әсерлі өнер көрсеткен қазақстандық файтер «Кештің үздік өнері» номинациясы бойынша UFC ұйымынан 100 мың доллар көлемінде бонус алды.

评论