Фото: smi24.kz
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай 21 қараша күні Қатарда өткен UFC турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды “Aдырна”.
29 жастағы отандасымыз америкалық Алик Лоренцпен кездесіп, қарсыласын 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Ол бірінші раундта ұпай саны бойынша басым түсті. Ал екінші раундта қарсыласының басына аяқпен соққы жасап (хай-кик), оны нокдаунға жіберді. Артынша жерде жатқан қарсыласын жоғарыдан жұдырықпен соққылап (хаммерфист), жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл – Нұрғожайдың UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісі.
Әсерлі өнер көрсеткен қазақстандық файтер «Кештің үздік өнері» номинациясы бойынша UFC ұйымынан 100 мың доллар көлемінде бонус алды.
Ұқсас жаңалықтар
