Такси жүргізушісі жасөспірімге тиісті деген күдікке ілінді

154
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Z3TfVNBnuHFbKBfJFgKwNHY40e4vAYLQPErEO0Fs.webp

Фото: Видеодан скрин

Алматыда такси жүргізушісі кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" Stan.kz-ке сілтеп.

Оқиғаға қатысты полицияға қыздың анасы арызданған. Оның айтуынша, такси жүргізушісі көлік ішінде 15 жастағы қызына рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткеннен кейін оны көліктен шығармай, сүймек болған.

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – біздің жұмысымыздың басты басымдығы», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты болуы мүмкін кез келген заңсыз әрекет ерекше бақылауда.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда такси жүргізушісі 18 жастағы қызды ұрлап әкетіп, зорлады деген күдікке ілінген.

评论