Таңдау мен сауда. Алматының сегіз ауданында жәрмеңкелер ұйымдастырылды

216
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nz1RCie4IjFNPQLzBz7CB8IcGNd31OhpDAnZiV2Y.jpg

Алматыда дауыс беру күні сайлау учаскелерінде интерактивті іс-шаралармен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің, кітаптар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері өтіп жатыр. Олар таңғы сағат 09:00-ден бастап жұмысын бастады. Осылайша, қала тұрғындары сайлау учаскесіне баруды отбасына қажетті заттарды сатып алумен ұштастыра алады.

Әуезов ауданында №138, №197 және №157 сайлау учаскелерінің маңында жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Мұнда қала тұрғындары қолөнершілердің авторлық бұйымдары мен ұлттық нақыштағы кәдесыйларды сатып ала алады.

Сондай-ақ Алмалы, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарында да жәрмеңкелер жұмыс істеп жатыр. Онда тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері мен жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар ұсынылған.

Көптеген алматылық үшін сайлау учаскесіне бару отбасымен бірге өткізетін мазмұнды күннің бір бөлігіне айналды. Дауыс беріп болған соң, тұрғындар жәрмеңкені аралап, кәдесыйлар таңдап, жергілікті қолөнершілердің еңбектерімен таныса алады.

评论