"Қазақстан халқына" қоры талапкерлерге арналған гранттар санын көбейтті

2927
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/0371e82f-3015-450a-983b-2a7a294c48ce.jpeg
"Қазақстан халқына" қоры қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.  Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік немесе өзге қандай да бір грант алмаған келесі санаттың:  
  • ауылдық жерлердің аз қамтылған отбасыларының талапкерлері;  
  • жетім балаларға жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған талапкерлері;  
  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлері үшін жоғары білім алу үшін шәкіртақысы бар гранттар ұсынады.
Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен қордың сайтында танысуға болады: qazaqstanhalqyna.kz.

”Адырна” ұлттық порталы

 
评论
其他材料