"Қазақстан халқына" қоры қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік немесе өзге қандай да бір грант алмаған келесі санаттың:
- ауылдық жерлердің аз қамтылған отбасыларының талапкерлері;
- жетім балаларға жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған талапкерлері;
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлері үшін жоғары білім алу үшін шәкіртақысы бар гранттар ұсынады.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды