Эрдоған: Ресей Украинамен қақтығысты тездетіп аяқтауға асық

2254
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/rrrr.jpg
Ресей Президенті Владимир Путин Украина жеріндегі конфликтің жақын арада аяқталғанын қалайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған PBS телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
- Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Алайда мұның мән-маңызын Украина да Ресей секілді  тереңнен ойлау керек. Қазір қос тарап та аталмыш конфликті тездетіп шешуге мүдделі болуы тиіс, - деді президент.
7 қыркүйек күні Режеп Тайип Ердоған Украина мен Ресей арасындағы ұрысқа Батыстың араласуын арандатушылық деп бағалағаны белгілі. Сондай-ақ, Президент Анкараның арандатушылық дертіне бой алдырмайтынын, қандай жағдай болмасын Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың тездетіп аяқталуы үшін сарабдал саясат жүргізуге дайын екенін кесіп айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

评论
其他材料