Робототехника байқауында қазақ оқушылары топ жарып, әлем алпауыттары өрендерін артта қалдырды

4692
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/28543175_171_0_1110_626_600x0_80_0_0_cfd9d289c427af1db25fd4a091bc250a.jpg

Қазақ елінің оқушылары робототехника бойынша Женевада өткен халықаралық FIRST GLOBAL CHALLENGE көпсайысында топ жарып, алтын жүлдені қанжығаға байлады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетов сүйіншілерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Темір құрылғыға жан бітіріп, ой тереңдігі, ақыл кемелдігімен байқаудың бас жүлдесін қанжығалаған Қазақстан оқушылары жайлы министр:
"Оқушыларымыз Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Балалармен телефон арқылы байланысып, жеңіспен құттықтадым", - деп хабарлады.
15-17 жас аралығындағы әлем оқушылары қатысқан турнирде ел намысын бес өреніміз қорғады. Олардың бәрі Ұлттық FIRST Global Challenge-дің жеңімпаздары. Үздіктер турнирге қатысқан 3 күн аясында 16 ойын матчын өткізіп, бұрын-cоңды болмаған рекордтық көрсеткіштегі ұпай жинаған. Ақпарат үшін айта кетейік, елімізде кейінгі 3 жыл ішінде 41 IT-мектеп ашылған, білім шаңырақтарында үш мыңнан астам робототехника сыныптары бар. Оларда елу бес мыңға жуық оқушы білім алып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

评论
其他材料