20 қараша күні Жезқазғанда автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

3315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/9b6c96bb-33c1-428b-b0dd-f18a1cf342b8.jpeg
20 қараша кезектен тыс президент сайлауы күні Жезқазғанда жолаушылар қоғамдық көлікте тегін қатынай алады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жолаушылар автобусы таңғы сағат 6-дан кешкі 20.00-ге дейін жүргіншілерден жол жүру ақысын талап етпейді деп хабарлайды Жезқазған қаласы әкімдігі. Еске салайық, Жезқазған тұрғындары президент сайлауында 33 учаскеге барып дауыс бере алады. Жезқазғанда сайлаушылар тізіміне 59 241 мың адам енгізілген.
评论
其他材料