20 қараша кезектен тыс президент сайлауы күні Жезқазғанда жолаушылар қоғамдық көлікте тегін қатынай алады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жолаушылар автобусы таңғы сағат 6-дан кешкі 20.00-ге дейін жүргіншілерден жол жүру ақысын талап етпейді деп хабарлайды Жезқазған қаласы әкімдігі.
Еске салайық, Жезқазған тұрғындары президент сайлауында 33 учаскеге барып дауыс бере алады.
Жезқазғанда сайлаушылар тізіміне 59 241 мың адам енгізілген.
Related news
The President of the Czech Republic has granted permission for 60 citizens to join the Ukrainian military