32 жылда Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды?

10841
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/3430902_0_73_2016_1207_2072x0_60_0_0_e1af18328c4a97edb84297b05ef6e661.jpg
Биылғы жыл басынан 4,5 мың астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың тең жартысы (52,4%) – Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден келді. Олар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды. Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 22,3% және зейнеткерлер 8,6% құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5% - жоғары білімді, 39,9% - орта кәсіби білімді, 36,7% - жалпы орта білімді және 4,8% білімі жоқ.
评论
其他材料