Өтініштер 31 мамырға дейін қабылданады.
Алматы қаласының әкімдігі «Алматы жастары» бағдарламасы аясында баспана сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алуға 35 жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жастардан өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғанын мәлімдеді, деп жазады "Адырна".
Бағдарламаға қатысуға өтінімді almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. Сайттағы авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтеді.
«Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге қосымша қаражат бөлініп, лимит тағы 100 несиеге ұлғайтылды: мұғалімдерге - 50, дәрігерлерге - 50», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. .Бағдарламаны несиелендіру шарттары:
- несиенің ең жоғары сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;
- сыйақы мөлшерлемесі – 5%;
- бастапқы жарна – 10%;
- бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
- қамту – кемінде 1100 адам.